Accessibility links

АҚШ Ауғанстанға қаржылай көмегін азайтты


АҚШ өкілдері палатасының комитеті, Ауғанстан үкіметіне берілетін қаржыны төрт миллиард долларға дейін қысқарту үшін дауыс берді.

Шетелдің мемлекеттерге көмек беретін америкалық комитет, АҚШ-тың бюджетті бақылау басқармасынан бұған дейінгі Ауғанстанға жіберілген транштың қалай және қайда жұмсағандығын тексеруді талап етіп отыр.

Бұдан бұрын "Вашингтон пост" басылымы, президент Хамид Карзай үкіметінің шенеуніктері жемқорлыққа қарсы инспекцияны өткізуге тыйым салғандығын мәлімдеді. Басылымның жазуынша, беделді ауған брокерлері елден миллиондаған долларды сыртқа шығарып жатыр.
XS
SM
MD
LG