Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ахау, сиса, сиса!

Баяғыда Әзіз Несін деген түрік саяси сатиригі бар еді, біздің түркістандық Қуат қаламының қарымы жағынан соған тартыпты. Бірақ Әзіз Несін тақырыптан көп таршылық көрген еді. Сондықтан ол көбіне адамдар арасындағы кездесетін ақымақтықты, қулық пен зәлімдікті шаншып жазған-ды.

Ал біздің түркістандық Қуатқа, құдайға шүкір, ондай таршылық көруді жаратушы маңдайына жазбапты. Қазақстанда бұл жанрға барам деген адамға тақырып деген – оның ағыл-тегіл ысырап болып, болашақ ұрпақтың аузынан жырылып, қазіргі құдайы бергендердің қалтасын қампитқан мұнайы сияқты, қайдағы бір МИТТАЛургтер мен Лондондағы әлдеКИМдердің құлқынын жауып жатқан көмірі мен темірі сияқты – молынан жетеді.

Өтірік дегенің де қысыммен өзінен өзі атқылаған газ сияқты – лаулап тұр. Тек, оның ыстығын сезінуге Қуат сияқты «көреген көз» керек! Ұрлық ше? Ол да сондай: баяғыда екі еріншек сөйлеуге ерініп, өліп кетіпті ғой – аштан не ыстықтан өлгені белгісіз. Қазір әкім қаралар «еңбектеніп», жөні түзу ұрлыққа баруға ерінетін болды. «Піс, аузыма келіп түс!» дейтін болды. Оқасы жоқ, түсіп жатыр – алдынан да, артынан да. Бұл да Қуаттың сиясына салмақ...

Пара ше? Баяғыда біреу «Жеген де арманда, жемеген де арманда» депті ғой, сол сияқты қазір параны берген де арманда, бермеген де арманда. Берген «бердім, дегеніме жеттім!» деп армандайды, бермеген «маған да пара берер күн туар ма екен?» деп армандайды...

Осындай арманшыл қоғамда қаламын көсілткен түркістандық қаламгер Қуатта арман бар ма екен, шіркін?! Ойхой заман-ай десеңші!!!

Жаяу Мұса

(«Үздік үш комментарийге» орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Әй, сорлы қазақтар-ай. Жақсылық атаулыны көре алмайтын көр соқырлар-ай. Сендерге кім ұнайды? Бодандықтан шыға алмайтын сорлысыңдар ғой. Елбасын бүкіл шет ел ардақтап жатқанда бұл не жосық? Жан жағыңа қарасаңшы, біздегі бірлікті іріткенде не пайда табасыңдар? Сендерге қандай басшы керек? Қазақтан жақсы адамды тек өлгеннен кейін іздеу маңдайға жазылған ба?

Сазан, Тараз

(«Қазақстанда хандық орнатуды кім қолдайды, кім қарсы?» деген пікірталасқа орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қуат, біздің елде бәрі тамаша, керемет. Сенбесең «Хабар», «Қазақстан» телеарналарын тыңдап көр онда.

Қаржау, Қаракемірден

(«Аштық акциясы әкімшілік жазамен аяқталды» деген мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG