Accessibility links

Қарағандыда радиолокациялық станцияның ғимараты құлады


Қарағанды облысында бұрынғы радиолокациялық «Дарьял –У» станциясының ғимараты опырылды. Жұма күні облыстық төтенше жағдайлар депортаменті таратқан ақпаратқа қарағанда зардап шеккендер жоқ

Бейсенбі күні кешке бұрынғы радиолокациялық «Дарьял –У» станциясының темір бетонды 50х30 метр болатын ғимараты толығымен опырылды, делінген мәліметте.

Мекеменің мәліметінше, оқиғаға «белгісіз адамдардың бұзу жұмыстарымен заңсыз айналысқандығы» себеп болған.

Үстіміздегі жылдың 22-ші қаңтарында Балқаш көлінің жағасында орналасқан советтер одағынан қалған радиолокациялық «Дарьял – У» станциясы опырылып құлап, төрт адам қаза болған. Апат болған кезде ол жерде бес адам өз беттерімен метал сынықтарын жинау үшін, бұзу жұмыстарымен айналысып жатқан.

Бүгінде жекеменшікке берілген «Дарьял-У» полигонында улы конденсатор бар.
XS
SM
MD
LG