Accessibility links

Йоханнесбург: Интерполдың бұрынғы бастығы сотталады


Йоханнесбургтегі сот Интерполдың бұрынғы президенті әрі Оңтүстік Африка Республикасы полициясының бұрынғы бастығы Джеки Селебиді жемқор деп тапты.


Тергеудің мәліметі бойынша, Селеби ұйымдасқан қылмыстық топпен ауыз жаласып, ондаған мың доллар мөлшерінде пара алып келген.


Айыпталушының өзі кінәсін мойындамайды.


Үкім шығарылуға тиіс сот мәжілісі 14-15 шілдеге тағайындалды. 60 жастағы бұрынғы шенеунік 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG