Accessibility links

Петреус Кабулда бірінші рет қоғам алдына шықты


АҚШ генералы Дэвид Петреус Ауғанстандағы АҚШ елшілігіне барып, жаңа қызметке тағайындалғаннан бері бірінші рет қоғамға көрінді.

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштеріне қолбасшы болып тағайындалған Петреус АҚШ елшісі Карл Эйкеберимен бірге Американың тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысты. Онда генерал шараға жиналған 1700-дей ауғандық, америкалық және шетелдік қонақтар алдында сөз алып, Ауғанстандағы азаматтық және әскери күшті біріктіру керек деді.

Жұма күні Кабулға жеткен Дэвид Петреус қызметінен кеткен АҚШ генералы Стэнли Маккристалды алмастырып отыр.
XS
SM
MD
LG