Accessibility links

Польша президенттік сайлаудың екінші турын өткізуде


Жексенбі күні польшалықтар президенттік сайлаудың екінші сатысы үшін дауыс беруге қатысуда.

Маусым айында өткен сайлауда премьер-министр Ярослав Качиньски мен парламент спикері Бронислав Коморовски ең көп дауыс жинап, екінші турға шыққан болатын.

Бұл дауыс берулер Польшаның бұрынғы президенті Лех Качиньски сәуір айында ұшақ апатына ұшыраған соң болып отыр. Қазіргі премьер-министрдің сыңары Лех Качиньски мен оның әйелі және тағы бірқатар 90-нан аса ресми тұлғалар Смоленскіге қонар кезде ұшақ апатынан қаза тапқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG