Accessibility links

Назарбаев пен Медведев Астанада кездесу өткізді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Астанада екі жақты кездесу өткізді. Мемлекет басшылары инновациялық технологиялар мәселелерін талқылады. Қазақстан президенті осы салада екі жақты қарым-қатынасты дамытуды ұсынды.

Жаңа технологияларды дамыту келісімдерінің орындалу барысына көңілі толмайтындығын айтқан Медведев осы бағыттағы жұмыстардың ілгері дамитындығына сенім білдірді.

Ресей президенті бүгін Астанаға «Хан Шатыры» сауда орталығының ашылу салтанатына қатысты. Медведев Назарбаевты 70 жылдық туған күнімен құттықтады.

Бүгін Астана қаласына 12 жыл толды. Бұл мереке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 70 жасқа толған туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр.
XS
SM
MD
LG