Accessibility links

Ақтөбе облысындағы өрттен 215 бас қой шығынға ұшырады


Ақтөбе облысының үш ауданы аймағында басталған табиғи өртті сөндіру жұмысы екі күннен бері жалғасуда. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлініңі хабарлауынша, қазір екі аудандағы өрт сөндірілген.

Өрттің ең ауқымдысы Хромтау ауданының Ақжар және Благодарный ауылдық округтарында болған. Облыстық өрт сөндіру қызметінің 36 сарбазы мен 32 жергілікті тұрғындардың әрекетіне қарамастан, аталған ауылдық округтерде 215 бас қой өртеніп өлген.

Қарғалы ауданының Бөгембау ауылындағы өрт 80 га, ал Темір ауданында 100 га жерді қамтып отыр. Министрліктің хабарлауынша, үш аудандағы өрттен адам шығыны жоқ.
XS
SM
MD
LG