Accessibility links

Сербия президенті Косоводағы шабуылды сынады


Сербия президенті Борис Тадич Косовоның солтүстігіндегі Митровица қаласында сербтердің бейбіт митингісі кезінде тіркелген жарылысты «зорлық-зомбылық әрекет» деп атады.

Сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде сөз сөйлеген Тадич Косовоның албан билігін біржақты бағалауға болмайды деп ескертіп, мұндай келеңсіз оқиғалар қайталана беретін болса, Сербия Косовоны халықаралық күштердің қорғау мәселесіне қатысты көзқарасын өзгертеді деп мәлімдеді.

Шілденің 2-сі күні Митровицада этникалық сербтердің митингі өтіп жатқан жерде екі бомба жарылды. Бір адам қаза тапты, 12 адам жараланды.

Бейбіт наразылық акциясы Митровицада Косово үкіметі кеңсесінің ашылуына қарсы ұйымдастырылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG