Accessibility links

Нигерияда D8 мемлекеттері саммит өткізеді.


Нигерияда "Исламдық сегіздікке" (D8) кіретін мемлекеттер бір күндік саммит өткізіп, жемқорлық, сауда мен атом энергиясына қатысты мәселелерді талқылайды.

Нигерияға келген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, Вашингтонның саясатын диктатурамен салыстыра отырып АҚШ-ты сынға алды.

D8 ұйымына халқының басым көпшілігі мұсылмандарды құрайтын сегіз мемлекет - Түркия, Иран, Пәкістан, Малайзия, Бангладеш, Индонезия, Мысыр және Нигерия кіреді.

Келесі саммитте ұйымға төрағалық Нигериядан Малайзияға өтеді.
XS
SM
MD
LG