Accessibility links

«Ресей тыңшылары» ісі Нью-Йорк сотында қаралады


Ресей үшін тыңшылық еткен деген күдіктен маусым айында АҚШ-та ұсталған он азаматтың ісін бүгін Нью-Йорк соты қарайды. Күдіктілердің бесеуі сәрсенбі күні Бостон және Вирджиниядан Нью-Йоркке жеткізілді, олар осындағы қалған бес күдіктіге қосылады.

Федералдық прокуратура мұның қарсаңында оларға тағылған айыптармен таныстырды. Күдіктілердің тоғызына тыңшылықпен қоса, жымқырылған ақшаны заңдастыру айыбы тағылып отыр. Тергеу барысында күдіктілердің екеуі Ресей азаматтары екендігін, жалған төлқұжаттармен АҚШ-та тұрғандығын мойындады деп хабарланды.

Сәрсенбі күні Игорь Сутягиннің адвокаты мен туыстары АҚШ үшін тыңшылық жасаған деген айыппен 15 жылға сотталған ресейлік ғалымды он күдіктіге ауыстырады деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG