Accessibility links

Италияда - журналистер ереуілі


Италияда журналистер ереуілге шықты. Жұма күні көпшілік жалпыұлттық басылым жарыққа шықпайды. Теле-радиокомпаниялар жаңалықтардан бас тартып отыр.

Ереуілге парламентте талқыға түсіп жатқан, телефон әңгімесін тыңдау арқылы қолға түскен тергеу материалдарын жариялауға тыйым салатын заң жобасы себеп болып отыр.

Тыйымды бұзғаны үшін журналистер бас бостандығынан айырылып, ал ақпарат құралы болса ірі көлемде айыппұл төлейтін болады. Заң жобасын ұсынушы - Сильвио Берлускони үкіметі.

Ақпаратқа қарағанда, бір күндік ереуілге теміржолшылар мен қалалық транспорт кәсіпорынының қызметкерлері де қосылады.

XS
SM
MD
LG