Accessibility links

Бритиш Петролеум аққан мұнайды тоқтататын қақпақ орнатты


Бритиш Петролеум Мексика шығанағында ағып жатқан мұнайды тоқтату үшін үлкен қақпақ орнатты. Бұл жапқыш күніне ағып жатқан 80 мың баррель мұнайды төкпей ұстайды деген үміт артылып отыр.

Бұзылған ұңғымадан күніне 60 мың баррель мұнай төгіліп жатыр. Бритиш Петролеум АҚШ-тың бес бірдей жағалауына экологиялық апат жасағаны үшін үлкен қысым астында қалып отыр.

Мексика шығанағында орын алған бұл апаттан құстар мен теңіз жануарлары қырылып, туристер мекені болған аймаққа миллиардтаған доллар шығын әкелді.
XS
SM
MD
LG