Accessibility links

Пхеньян ядролық қарусыздану келіссөздеріне қайтуға дайын екенін айтты


Солтүстік Корея өзінің ядролық қарусыздану жөніндегі алты жақты келіссөздерге қайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Пхеньян бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі наурыз айында оңтүстік кореялық кемені суға батырған деп Солтүстік Кореяны айыптаған соң айтып отыр. Алайда БҰҰ-ның қарары суға кетіп, 46 теңізшінің өмірін әкеткен кеме апатына қатысты Солтүстік Коряны кінәлаған жоқ.

БҰҰ-дағы Солтүстік Корея елшісі бұл мәлімдемені өз елі үшін «үлкен дипломатиялық жеңіс» деп атады.
XS
SM
MD
LG