Accessibility links

Жапонияда бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр


Жапонияда бүгін парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Науқан соңғы 10 айдан бері билік басында отырған демократтар үкіметінің тұрақтылығын көрсетуі мүмкін.

Жапония демократиялық партиясы өткен жылғы сайлауда жеңіске жетті, олар ұзақ жылдар бойы билік еткен консервативті Либералдық-демократиялық партияны алмастырды.

Мемлекет қарыздарын азайту жөніндегі қатаң шараларға байланысты Наото Кан үкіметінің беделі соңғы бірнеше айда түсе бастады.
XS
SM
MD
LG