Accessibility links

Мәскеу: сот өнер қайраткерлеріне айыппұл салды


Мәскеудің Таган аудандық соты «Тыйым салынған өнер» атты көрменің ұйымдастырушыларына айыппұл салу туралы үкім шығарды. Оның алдында сот оларды діни негіздегі жеккөрініш сезімін қоздыруға кінәлі деп тапқан болатын.

Айыптаушы жақ Андрей Сахаров атындағы мұражайдың бұрынғы директоры Юрий Самодуровты және 2007 жылы ұйымдастырылған көрменің қамқоршысы болған Андрей Ерофеевті 3 жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруды талап етсе де, сот Самодуровқа 200 мың рубль, ал Ерофеевке 150 мың рубль мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Ерофеев бұл сотты «саяси сот» деп бағалайды. Олар соттың шешімін бұзу үшін шағым беретіндіктерін мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG