Accessibility links

Украинада газдың бағасы 50 пайызға өседі


Сәрсенбі күні Украина үкіметі бюджет тапшылығын қысқартып, Халықаралық валюта қорынан жаңа несие алу үшін тұрғын үй шаруашылығына қажетті газдың бағасын көтеретінін хабарлады.

Премьер-министр Микола Азаров мәлімдегендей, Халықаралық қаржы институтынан шамамен 15 миллиард доллар несие алу үшін газдың бағасын 50 пайызға өсіру керек болды.

Украинада газды өте төмен бағаға сату совет дәуірінен қалған мемлекеттік жеңілдік болатын.

Жекеменшік пәтерлер мен үйлерге жыл сайын берілетін шамамен 18 миллиард текше метр газдың бағасы 50 пайызға көтеріліп, орталық жылыту жүйесіне жұмсалатын одан әлдеқайда мол газдың тарифі әзірше өзгермейді.
XS
SM
MD
LG