Accessibility links

Кремль жемқорлықпен күрестің нәтижесіне қанағаттанбады


Ресей президенті Дмитрий Медведев елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесіне қанағаттанбайтынын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні парламентарийлер кеңесінің мәжілісінде сөйлеген сөзінде Медведев жемқорлыққа қатысты қылмыстардың нағыз саны әшкереленген қылмыстардан бірнеше есе артық екенін атап көрсетті.

Президент Медведевтің пікірінше, жемқорлықпен күресу үшін парламенттік тергеулер институтын белсенді қолдану керек.

Кремльдің қожайыны, сонымен қатар, парламентке жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарға мол айыппұл төлету идеясын талқылап көруді ұсынды.
XS
SM
MD
LG