Accessibility links

«Хьюман Райтс Вотч»: қырғыз түрмесіндегі өзбектер азапталуда


Халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» құқыққорғаушы ұйымы, Қырғызстанның оңтүстігіндегі түрмелерде өзбектерді қинау мен заңсыз ұстау әрекеттері, кезекті этникааралық қақтығысқа алып келуі мүмкін деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні жарияланған баяндамада, Қырғызстан оңтүстігінде болған қақтығысты тергеу аясында көптеген өзбектер тұтқынға алынғандығы айтылған. «Хьюман Райтс Вотч», ұсталған ондаған адам азапталғандығы туралы дәлелдерінің бар екендігін мәлімдеді. Ұсталғандардың отбасы мүшелері мен олардың адвокаттарына да қысым жасалған.
XS
SM
MD
LG