Accessibility links

Құқыққорғаушылар пәренжеге тыйым салатын заң жобасын сынады


Құқыққорғаушы "Халықаралық амнистия" ұйымының мәлімдеуінше, паранжа мен ниқабқа тыйым салатын француз заң жобасы, адамның негізгі құқын бұзады. Заң жобасы, Францияда тұратын мұсылман әйеелдерге үйден шығуға тыйым салып, жұмыс істеп пен білім алуды тоқтатуға мәжбүрлейді.

Ұйым мамандары, Франция заңмен тыйым салудан бұрын әйелдерге таңдау мүмкіндігін беруі қажет деп есептейді.

Француз парламенті төменгі палатасының депутаттары шілденің 13-і күні әйелдердің бетті толықтай жабатын киім - пәренжені қоғамдық орындарда киюіне тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Қыркүйек айында заң жобасы ел сенатының қаралуына жіберіледі.
XS
SM
MD
LG