Accessibility links

Меркель мен Медведев миллиардтаған доллардың құжаттарын қабылдайды


Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін ресейлік Екатеринбург қаласында кездеседі. Мемлекет басшылары германиялық және ресейлік компаниялар арасында миллиардтаған доллар тұратын бірқатар келісім шарттарға қол қояды.

Кремлдің хабарлауынша, Меркель мен Медведев екі ел арасындағы теміржол, авиация және энергетикалық индустрия салаларындағы әріптестік мәселелерін талқылайды.

Хабарларға қарағанда, Siemens AG мен «Ресей теміржолы» компаниялары Ресейге 200-ден астам жаңа пойыздар жеткізу туралы келісім шартқа отырады. Құжат құны екі миллиард евродан асады деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG