Accessibility links

Меркель мен Медведев Екатеринбургте кездесті


Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Екатеринбургтегі келіссөздерінің нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойды.

Мемлекет басшылары қабылдаған құжаттардың арасында инновация, көлік, мәдениет, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы, денсаулық сақтау салалары бойынша келісім шарттар бар.

Медведев 2011 жыл – екі мемлекеттің ғылыми жетістіктері жылы болып жарияланады деп мәлімдеді. Меркель экономиканың көптеген салалары бойынша ресейлік әріптесімен тәжірибе бөлісуге дайын екендігін айтты.
XS
SM
MD
LG