Accessibility links

Комиссия: Күзембаев шахтасындағы апатқа «табиғи фактор» себеп болған


Қарағанды облысы Сарань қаласындағы Күзембаев атындағы шахтада тіркелген апатты тексерген комиссия төтенше жағдайға табиғи фактор себеп болды деген қорытынды шығарды.

Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Владимир Пфаргер, бейсенбі күні баспасөз мәслихатында, «қайғылы оқиғаға ешкім кінәлі емес» деп мәлімдеді.

Маусым айының соңында Күзембаев шахтасында газдың шамадан тыс бөлінуіне байланысты екі кенші қаза тапты, 166 кенші эвакуацияланды.
XS
SM
MD
LG