Accessibility links

Башқұртстан президенті Мұртаза Рахимов отставкаға кетті


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Башқұртстан басшысы Мұртаза Рахимовтың отставкасын қабылдады. Медведев президент қызметі үшін алғыс айтып, Рахимовты «Отанға сіңірген қызметі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапаттады.

«ИТАР-ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, Медведев Башқұртстан президенті қызметін уақытша атқару міндетін «Русгидро» энергетикалық компаниясының топ-менеджері Рүстем Хамитовқа тапсырды.

Дәл осы күні Башқұртстан құрылтайы республика президенті қызметінен кеткеннен кейін оның мүлкіне, қаржысына және жеке басына тиіспеу туралы заң жобасын бір ауыздан қабылдады.

Мұртаза Рахимов Башқұртстанды 1990 жылдан бері 20 жыл басқарып келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG