Accessibility links

Ирақтағы өрттен сегіз шетел азаматы қаза тапты


Ирақ солтүстігіндегі Сулеймания қаласы орталығында орналасқан қонақүйдегі өрттен, тексерілген мәлімет бойынша, 29 адам қаза тапты, 20-дан астам адам жараланды.

Қаза тапқандар арасында кем дегенде сегіз шетелдік – төрт АҚШ азаматы, Канада, Филиппин, Шри-Ланка және Камбоджа азаматтары бар.

Хабарларға қарағанда, Сома қонақүйіндегі өрт бірнеше сағатқа созылды. Қауіпсіздік қызметінің өкілі «бұл теракт емес» деп мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр желісінің ақауынан шыққан болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG