Accessibility links

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі билігін күшейтетін заң қабылданды


Ресейдің мемлекеттік Думасы бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметі билігін күшейтетін заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Заң арнайы қызметке қауіпті жағдайларға байланысты азаматтарды ресми түрде хабардар ету құқын береді. Арнайы қызмет жұмысына кедергі келтіргендер айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамалады.

Билік бұл заң терроризм және экстремизммен күресуді көздейді деп хабарлады. Бірақ заңгерлер, адам құқығын қорғаушылар және оппозиция өкілдері бұл жобаны сынап, құжат бұрынғы совет кезеңіндегідей билік қарсыластарын қорқыту және наразылықты тұншықтыру үшін падалануы мүмкін деп мәлімдеді.

Заң жобасын 354 депутат қолдады, 96 депутат қарсы дауыс берді.
XS
SM
MD
LG