Accessibility links

Вестервелле: Қырғызстанға полиция күштерін жіберу ЕҚЫҰ-да үлкен қолдау тапты


Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле ЕҚЫҰ-ы ішінде Қырғызстанға полициялық миссия жолдау мәселесі кең қолдау тапты деп айтты.

Алматыдағы ЕҚЫҰ-на мүше елдер сыртқы істер министрлерінің жиынында Вестервелле журналистерге “біз Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажет полиция күштерінің миссиясы орындалатынына сенімдіміз деген.

Жұма күні ЕҚЫҰ-ы Қырғызстан үкіметімен бірге қырғыз қауіпсіздік күштеріне қолдау танытып әрі жаттықтырудан өткізетін 52 мүшесі бар қарусыз полиция күштерін 4 айға орналастыруға келіскен. Бірақ бұл миссия қызметін ұйымға мүше елдердің бәрінің бірдей қолдауын алуы тиіс.
XS
SM
MD
LG