Accessibility links

Назарбаев: Қырғызстан халқы елдің келешегі жайлы шындап ойлануы қажет


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан халқын елдің келешегі жайлы терең ойлануға шақырды. Ол бұл туралы сенбі күні ЕҚЫҰ-на мүше елдер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі кезінде айтты.

Назарбаевтың пікірінше, Қырғызстанда өткен референдум елдің келешегіне қатысты мәселелердің тек аздаған бөлігіне жауап береді. Бұл елдегі тұрақтылық кез келген сәтте бұзылуы мүмкін. Оның үстіне, бұл елде қазір сайлау қарсаңындағы саяси күрес күшейген жауапты кезең келе жатыр деген Назарбаев.

Қазақстан президентінің атап көрсетуінше, азаматтардың дауыс беру нәтижесінде бұрынғы қателерді қайталамайтындай, әсіресе экономикалық және әлеуметтік салада реформаларды қамтамасыз ететін билік құру қажет болады.
XS
SM
MD
LG