Accessibility links

Миятович: «Елбасы» туралы заң демократияның дамуына жол бермейді


ЕҚЫҰ-ның ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі өкілі Дунья Миятович Қазақстандағы «Елбасы» туралы заң демократияның дамуына үлес қоспайды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Астанадағы ЕҚЫҰ-ның өкілдігі басынан-ақ бұл заңның қабылдануына қатысты пікірін білдірген. Біз «Елбасы» туралы заң алға басушылық емес, кері қарай тартатын заң деп есептейміз. Себебі бұл заң журналистердің пікір айту мүмкіндігін шектейді деді Миятович.

Маусымның 15-нен бастап президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы мәртебесін беретін Қазақстанның конституциялық заңы күшіне енген болатын. Бұл заңға Парламент спикерлері Қасымжомарт Тоқаев пен Орал Мұхмаеджанов және премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған соң, жарияланған күннен күшіне енген.
XS
SM
MD
LG