Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілінің Есіргеповты түрмеден босатуға шақырғанын Қазақстан қабылдамады


Қазақстан билігі ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Дунья Миятовичтің түрмеде отырған журналист Рамазан Есіргеповты босатуға шақырған өтінішін кері қайтарған.

Миятович ЕҚЫҰ-на төрағалық етуші Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесіп, журналисті қамаудан босату қажеттігін айтқан. Бұл туралы сенбі күні журналистерге хабарлаған Миятович енді өзінің Есіргеповтың әйелімен кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан.

«Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы, құпия мәліметтерді жариялады деген айыппен 3 жылға түрмеге жабылған Рамазан Есергепов таяуда ЕҚЫҰ-на мүше елдер жетекшілеріне хат жолдап, өзінің ісін қайта қарауды талап еткен болатын. Ұйымға мүше елдерден жауап алғанша өзінің аштық жариялауды жалғастыра беретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG