Ресей Федерация кеңесі дүйсенбі күні Федералдық қауіпсіздік қызметі билігін күшейтетін заң жобасын қабылдады. Құжатты бұған дейін Дума депутаттары қабылдаған болатын.
Заң арнайы қызметке қауіпті жағдайларға байланысты азаматтарды ресми түрде хабардар ету құқын береді. Арнайы қызмет жұмысына кедергі келтіргендер айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамалады.
Билік бұл заң терроризм және экстремизммен күресуді көздейді деп хабарлады. Бірақ заңгерлер, адам құқығын қорғаушылар және оппозиция өкілдері бұл жобаны сынап, құжат бұрынғы совет кезеңіндегідей билік қарсыластарын қорқыту және наразылықты тұншықтыру үшін пайдалануы мүмкін деп мәлімдеді.