Accessibility links

БҰҰ комиссары: қырғыз арнайы қызметі тұтқындарды азаптауы мүмкін


БҰҰ-ның адам құқығы бойынша Жоғарғы комиссары Нави Пиллэй Қырғызстан оңтүстігінде полиция себепсіз ұсталғандарды азаптағандығы туралы ақпарат бар деп мәлімдеді.

Комиссардың бұл туралы арнайы мәлімдемесі бүгін жарияланды. Мәлімдемеде Қырғызстан оңтүстігінде «көп адам себепсіз тұтқындалды, олардың барлығы дерлік - өзбектер» деп жазылды. Бұған қоса Пиллэй «осы арқылы этникалық алалауға жол беріп қана қоймай, халықаралық заңдардың негізгі қағидалаларын бұзды» деп қырғыз билігін сынады.

Комиссардың айтуынша, Қырғызстанда «жергілікті билік заңсыз тұтқындаулар мен азаптауларды байқамаған сыңай танытып отыр».
XS
SM
MD
LG