Accessibility links

Израиль палестиналықтардың баспаналарын әлі қиратып жатыр


Халықаралық құқыққорғаушы Amnesty International ұйымы Израиль билігін Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы үйлерді қиратуды тоқтатуға шақырды. Ұйымның ақпаратынша, осы аптаның басында тағы 74 баспана күреліп тасталған. Соның кесірінен 107 адам (оның тең жартысы - балалар) үйсіз қалған.

Баспаналарды қирату жөніндегі бұйрық өткен аптада шықты. Израиль әскерінің мұндай шешім шығаруына әлгі баспаналардың әскери іс-қималдар жүргізілетін аймаққа тым жақын орналасқаны себеп болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG