Accessibility links

ЕҚЫҰ Қырғызстанға полиция жіберу туралы шешім қабылдады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бүгін кеңес беруші полиция тобын Қырғызстанға жіберу туралы шешім қабылдады.

Халықаралық полицияның мақсаты – ұлтаралық қақтығыстарды басынан өткерген Қырғызстан оңтүстігіндегі жағдайдың тұрақталуына ықпал ету. Бішкекпен келісілген жоспар бойынша, 52 халықаралық полиция қызметкері қару ұстамайды, тек кеңес беру жұмыстарымен айналысады.

Бұның қарсаңында, бейсенбі күні Бішкек қаласында халықаралық күштердің Қырғызстанға кіргізілуіне қарсы наразылық акциясы болып өтті.

Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош және Жалал-Абад облыстарында маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапты, жүз мыңдаған адам босып кетті.
XS
SM
MD
LG