Accessibility links

АҚШ Косово тәуелсіздігін мойындауға шақырды


Приштина және Вашингтон Косово тәуелсіздігін әлі мойындамаған елдерді БҰҰ-ның Жоғарғы соты шығарған кеңеске құлақ асуға шақырды. Халықаралық сот бейсенбі күні 2008 жылғы Косово тәуелсіздік декларациясы халықаралық құқық ережелерін бұзбайды деген шешім шығарды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және Косово премьер-министрі Хашим Тачи Сербиядан, бұған қоса басқа да мемлекеттерден Косово тәуелсіздігін мойындауды талап етті. Белград БҰҰ-ның сот шешіміне келіспейтіндігін білдірді. Сербия президенті Борис Тадич Белград бұл қаулыны ешқашан қабылдамайтындығын және өзінің территориялық біртұтастығын қорғауды жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.

Бұл мәселеде Сербияның одақтасы саналатын Ресей де Халықаралық сот шешімін мойындаудан бас тартып, Косово тәуелсіздігі туралы шешімнің заңдығы дәлелденген жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG