Accessibility links

Ағылшын премьері Түркияға сапарлайды


Англия премьер-министрі Дэвид Кэмерон дүйсенбі күні Түркияға 2 күндік сапарын бастайды.

Ол түрік әріптесі Режеп Тайып Эрдоганмен кездесіп, келіссөз өткізеді. Талқыланатын жайлардың ішінде Түркияның Еуропа Одағына мүшелікке өтуі мәселесі де бар.

Ресми Лондон Түркияның Еуроодаққа қабылдануын қолдайды, алайда Германия мен Франция оған қарсы болып келеді.

Д.Кэмеронмен бірге Анкараға сыртқы істер министрі Уильям Хейг те барады.
XS
SM
MD
LG