Accessibility links

Ахмединежад: Теһран тәлібтерді қолдамайды


Иран президенті Махмуд Ахмединежад өзінің үкіметі Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысына қолдау көрсетеді деген мәліметті жоққа шығарды.

CBS телеарнасына дүйсенбі күні кешке берген сұхбатында Ахмединежад «біз белгілі-бір топты қолдамаймыз» деп мәлімдеді. Иран президентінің пікірінше, ауғандар «өз мемлекетін өзі басқаруы тиіс». Бұған қоса, Ахмединежад АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөздер өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Жексенбі күні Wikileaks интернет-порталында жарияланған құпия құжаттарда Теһран «Талибан» бүлікшілерін қаржылай қолдайды делінген мәліметтер бар.
XS
SM
MD
LG