Accessibility links

АҚШ конгрессі қаржы туралы заң жобасын мақұлдады


АҚШ конгрессі қосымша 59 миллиард доллар қаржы бөлу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл қаржының негізгі бөлігі - 37 миллиардтан аса доллар Ауғанстан мен Ирактағы әскери операцияларға жұмсалады.

5 миллиардтан аса ақша - АҚШ территориясында болған табиғи апаттар салдарын жоюға жұмсалса, ірі зілзаладан зардап шеккен Гаитиге көмекке үш миллиард доллар бөлініп отыр.

Заң жобасын сенат мақұлдады, енді құжат президент Барак Обаманың қол қоюына жіберілді.
XS
SM
MD
LG