Accessibility links

Ирақтың Кербала қаласындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты


Бағдат және Кербала қалаларындағы жарылыстардан 12 адам қаза тапты. Бағдат қаласының шииттер көп орналасқан Садр-сити ауданында тіркелген жарылыстан бес адам опат болды, кем дегенде 12 адам жараланды. Кербала қаласындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты.

Бұл шабуылдар шииттердің соңғы имамы Махдидің туған күніне байланысты діни мереке күндері тіркеліп отыр.
XS
SM
MD
LG