Француз полициясы үй іргесіне көмілген сегіз нәрестенің мәйіті табылғаннан кейін, олардың ата- анасы болуы мүмкін деген күдікпен ерлі-зайыпты 2 адамды тұтқынға алды.
Жастары 40-тан асқан ерлі-зайыптларға балаларының мәйіттерін жасырған және қылмыс туралы полицияға хабарламаған деген айыптар тағылып отыр.
Осыдан екі күн бұрын Францияның солтүстігіндегі Виллер-о-Тертр қалашығының полициясына бақшадан жаңа туған нәрестелердің денелерін табылғандығы жайлы ақпарат түскен. Мәйіттерді үйге жаңадан көшіп келген отбасы тауып алған. Полиция үйдің бұрынғы иелері туралы мәліметтерді тексеру барысында үйдің іргесінен де тағы бірнеше нәрестенің мәйітін тапқан.
Бүгін осы іске қатысты Француз полициясы арнайы мәлімдеме жасайды деп күтілуде.