Accessibility links

Роза Отунбаева Баткен облысына барды


Қырғызстан президенті Роза Отунбаева елдің оңтүстік облыстарына сапары барысында, бейсенбі күні Баткен облысының тұрғындармен кездесті. Отунбаева халықты Ош және Жалал-Абад облыстарына келетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 52 полиция қызметкері жергілікті полицияға кеңес берумен ғана айналысады деп түсіндіруге тырысты.

Бұл уақытта, бейсенбі күні Бішкек, Ош және Талас қалаларында ЕҚЫҰ-ның бітімгершілік күштерін ел аумағына кіргізуге қарсы наразылық акциялары болып өтті.
XS
SM
MD
LG