Accessibility links

Қытайда ұйғыр сайттарын жүргізушілер сотталды


Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр аймағының билігі ұлты ұйғыр үш вебмастерді үш жылдан он жылға дейін соттады. Ұйғырлардың америкалық қауымдастығы бұл үшеуі этникалық ұйғырлар арасында танымал интернет сайттарын жүргізумен шұғылданған деп мәлімдеді.

Бұған дейін Қытай билігі 2009 жылы Үрімжідегі ұлтаралық қақтығыстарға қатысы бар деген айыппен бірқатар блогшылар мен журналистерге сот үкімін шығарған еді.

Шыңжаң соты өткен аптада 51 жастағы журналист Гейрет Ниязовты батыс баспасөзіне сұхбат бергені үшін 15 жылға соттады. Қытай билігі оны ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде бағалады.
XS
SM
MD
LG