Accessibility links

Германияда Love Parade құрбандарын жоқтау шарасы өтеді


Германияда он мыңдаған адам өткен аптада Дуйсбург қаласындағы Love Parade музыкалық фестивалі кезіндегі қысылыстан қаза тапқан 21 адамды еске алу шарасын өткізіп жатыр.

Германия канцлері Ангела Меркель мен президент Кристиан Вульф бұл шараға қатысады. Өткен аптада ол музыкалық фестивалге кірер туннель алдында болған қысылыстан жиналған жұрт арасында дүрбелең орын алғанда 21 адам қаза тауып, 500 кісі жарақат алған.

Хабарларға қарағанда, бұл қайғылы жағдайға әкелген қауіпсіздік шаралары ескерілмеген деп Дуйсбург мэрін орнынан кетуге шақырған үндеулер көбейіп отыр.
XS
SM
MD
LG