БҰҰ-ның хабарлауынша, Пәкістанның солтүстігіндегі жойқын су тасқынынан 1 миллион адам жапа шегіп, 430 адам қаза тапты. Ұйымның қайырымдылық істерін үйлестіру жөніндегі кеңсесі бұл табиғат апатын 1929 жылдан бергі адам шығынын ең көп әкелген су тасқыны деп бағалады.
Пәкістандық жасақтар мен құтқарушылар елдегі су тасқынынан зардап шеккен жүз мыңдаған адамға көмек беріп жатыр. Ресмилер елдің солтүстік-батысындағы су тасқыны мен лай көшкінінен 400-ден аса адам қаза тапты, жүз мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды деп хабарлады.
Пәкістанның Кашмир аймағы мен Хибер-Пактунхва провинциясындағы халық табиғат апатынан көп жапа шеккен. Хабарларға қарағанда, Пешавар қаласы мен Суат және Шангла аудандарына су тасқынынан жол жабылып қалған.