Accessibility links

Ресейде 2 мыңнан аса әскер өрт сөндіруге тартылды


Ресей қорғаныс министрлігі елдің орталық аймағындағы орманда шыққан өрттерді өшіруге 2 мыңнан аса күш жөнелтілгенін хабарлады. Олар өрт сөндірушілерге көмектесетін болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі алапат өртпен күреске 56 тікұшақ пен 16 мың жасақ тартылғанын айтты. Хабарларға қарағанда, сенбі күні 400 жердегі өрт басылмай, 120 мың гектар жерге тараған. Жұма күні 387 өрт ошағы өшіріліп, 30-дан аса адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG