Accessibility links

Кассеталық қаруларға тыйым салатын келісім күшіне енді


Бүгіннен бастап кассеталық қаруларға тыйым салатын ғаламдық конвенция күшіне енді. Бұл келісім кассеталық бомбаларды тасымалдап, қолдануға тыйым салады әрі конвенцияны бекіткен елдерді өз әскери жабдық қорларын құртуға міндеттейді.

2008 жылы келісілген бұл конвенцияға 100-ден аса ел қол қойған. Бірақ Қытай, АҚШ және Ресей сынды алпауыт елдермен қатар, Үндістан, Израиль және Пәкістан мемлекеттері осы құжатқа қол қоймай отыр.

Конвенцияны қолдаушылар оның қарусыздануды көздейтінін айтады. Адам құқын қорғаушы ұйымдар да көптеген елдердің осы келісімге қол қоюына мүдделі болып отыр.

Кассеталық бомбалар ұсақ жарылғыш миналардан тұрады. Бомба тасталған сәтте жарылмай қалғанымен, кейін әлгі миналар іске қосылып, бейбіт тұрғындардың өміріне қатер төндіреді.
XS
SM
MD
LG