Accessibility links

Пәкістанда су тасқыны 900 адамның өмірін әкетті


Пәкістанның солтүстігіндегі су тасқынынан қаза болғандар саны 900-ге жетті. Әлі мыңдаған адам су басып қалған аймақта қалып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Аймақтың өкілі Латифур Рахман тасқын жайлаған жерлерді әуеден көргенде, көптеген ауылдарды, егістік жерлерді су шайып кеткені, малдардың қырылып жатқаны байқалған. БҰҰ-ы аймақта жаңбырдың толастамай жаууынан болған су тасқынынан 1 миллион адам зардап шекті деді.

Құтқару мен көмектесу шараларын жүргізіп жатқан пәкістандық армия су басқан аймақтан 19 мың адамды шығарғандарын айтты. Әскери күштердің өкілі генерал-майор Атхар Аббас су тасқыны көптеген жерді шайып кеткенін, ондағы шығындар туралы мәліметтер әзірге түспегенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG