Accessibility links

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл көктен жаңбыр тіледі


Бүгін Орыс православ шіркеуінің барлық храмдарында көктен жаңбыр тілеген діни жоралғылар атқарылады.

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл дұғаны Нижегород облысының Лукоянов қаласында оқиды. Аталмыш өңір биылғы құрғақшылықтан, орман өртінен және аптап ыстықтан қатты зардап шегіп отыр.

Орыс православ шіркеуінің дінбасы, барша христиандарды бірігіп, Жаратушыдан дұға тілеуге шақырды.

Биыл Ресейде тарихта болмаған аптап ыстық болып, елдің еуропалық аймағында дала өрттерінен 28 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG