Accessibility links

Фидель Кастро мемуарлары жарық көрді


Куба революциясының көсемі Фидель Кастро мемуарларының алғашқы бөлімін басып шығарды. Кітапта диктатор Фульхенсио Батистаға қарсы қарулы күрес туралы да баяндалған.

«Стратегиялық жеңіс» деп аталатын мемуарларды таныстыру рәсімі Гаванада өтті. Салтанатты жиынға революция ардагерлері қатысты.

Кастро Кубаны 1959-2006 жылдар аралығында басқарды. Бірнеше күннен кейін Кастро 84 жасқа толады.
XS
SM
MD
LG