Accessibility links

Барак Обама: АҚШ Ирақтағы әскери операциясын тамызда аяқтайды


АҚШ президенті Барак Обама Ирақтағы әскери операцияларды биыл тамыздың 31-і күні аяқтау туралы жоспарын тағы да растады. Бұл туралы Обама америкалық соғыс ардагерлерімен кездесуінде мәлімдеді.

АҚШ президентінің айтуынша, Обама президент болғалы бергі кезеңде Ирақтан шығарылған сарбаздар саны тамыз айының соңына таман 90 мыңға жетеді.

Бірақ АҚШ Ирақта 50 мың сарбазын қалдыруды жоспарлап отыр. Олар елдің ұлттық әскерін үйретумен, террорға қарсы операциялар жүргізумен және Ирақта қалған америкалық азаматтардың қауіпсіздігін қорғаумен айналысады.
XS
SM
MD
LG